Алматыда қылмыс деңгейі 10 пайызға төмендеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс саны 9,4%-ға азайған.

Алматыда қылмыс деңгейі 10 пайызға төмендеді
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың айтуынша, мегаполисте қылмыстық ахуал тұрақты. 

– 2024 жылы қалада қылмыс саны 10,3%-ға төмендеді. Жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыс саны – 22,9%, зорлау – 11,1%, тонау – 29,3%, бөтеннің мүлкін ұрлау – 33,2%, көлік ұрлау – 16,7%, сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс саны 9,4%-ға азайды. Жалпы алғанда қаладағы қылмыстық ахуал тұрақты, қылмысты ашудың тиімділігі артты. Біз еліміздің Ішкі істер министрлігі және әкімдіктің қолдауымен қала тұрғындары мен қонақтары өздерін жайлы әрі қауіпсіз сезінуі үшін барлық шараны қолданып жатырмыз, - деді Арыстанғани Заппаров.

Еске салайық, бұған дейін заңды тұлғалардың жемқорлық қылмыстарына жауапкершілігі күшейтілетінін жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар