Алматыда қылмыс деңгейі 9,6 % төмендеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда қылмыстық ахуал тұрақты. Бұл туралы қалалық қоғамдық кеңес отырысында полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров айтты.

Полиция
Фото: Астана әкімдігі

Оның айтуынша, жыл басынан бері қалада қылмыс -9,6%-ға төмендеген.

Ауыр қылмыстар - 3%, зорлау - 12,5%, бөтеннің мүлкін ұрлау -31,6%, интернет-алаяқтық -14,5%, тонау- 28,7, бопсалау 8,3%, сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар азайған.

«Алматы полициясының қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды орындауға, сондай-ақ барлық саладағы қызметті жақсартуға бағытталған. Жалпы алғанда, қаладағы қылмыстық ахуал тұрақты және бақылауда: қылмыстарды ашудың тиімділігі, оның ішінде «ізін суытпай» ашудың тиімділігі артты», - деді, Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы.

Осыған дейін, ол алматылықтардың 12 млрд теңгеге алдағаны туралы айтқан болатын.