Алматыда кино түсіруге бөлінген бюджет қаражаты ұрланғаны анықталды

Ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғаны анықталды, деп хабарлайды Kazinform. 

Алматыда кино түсіруге бөлінген 400 млн астам теңгенің ұрланғаны анықталды
Фото: kazakhfilm.kz

Алматы қаласының прокуратурасы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды. Сотқа дейінгі тергеуді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр», - деп хабарлады прокуратурадан.