Алматыда қыз зорлаған ер адам сотталды

СҚО-да әйелдің қызын оның бөтелкелестері зорлаған
Фото: unsplash

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Медеу ауданының № 2 аудандық сотында қыз зорлау ісі бойынша айыпталған 34 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс жыныстық қылмысқа байланысты болғандықтан, процесс жабық режимде өтті.

Сот анықтағандай, былтыр 8 наурыздан 9-на қараған түні айыпталушы К. қаланың түнгі клубтарының бірінде демалып, сол уақытта өзінің құрбыларымен демалып жүрген танысы О-мен кездескен. Бұдан кейін, К. оны үйіне шығарып саламын деген сылтаумен өз пәтеріне әкелді. Әрі қарай, жәбірленушінің дәрменсіз күйін (алкогольдік мас болу) пайдаланып, зорлық-зомбылық көрсетіп, жәбірленушінің еркінен тыс жыныстық қатынас жасаған.

Сотталушы К. кінәсін мойындамады және соттан оны ақтауды немесе бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды өтінді.

Ал, прокурор айыпталушыны кінәлі деп танып, оған 5 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

«Сотталушының кінәсі іс бойынша жиналған сараптамалардың қорытындылары, жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтары арқылы дәлелденді. Сот үкімімен К. ҚК-нің 120-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді», - деп хабарлады ведомстводан.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар