Алматыда қоғамдық көліктің жаңа бағыты іске қосылады
Алматыда 21 қарашадан бастап №232 жаңа бағыты іске қосылды, деп хабарлайды Kazinform.
«Алматы қаласы көлік холдингі» ЖШС-ның мәліметінше, №232 жаңа маршрут қозғалысын «Алматы – 2» теміржол вокзалынан бастап - Абылай хан данғылы - Райымбек даңғылы - Жетісу көшесі - Тәттібеков көшесі - Халиуллин көшесі - Құлжа тас жолы - Бұқтырма көшесі - Алдабергенов көшесі - Молдағұлова көшесі - Алатау трассасы – «Сұлтан» спорт кешеніне жетіп, осы жерден бұрылып, кері бағытта қозғалатын болады.
«Желіде жұмыс және демалыс күндері 7 автобус 15 минуттық жиілікпен қызмет көрсететін болады», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.