11:38, 09 Ақпан 2024 | GMT +5
Алматыда «Көктөбе» телемұнарасы жазға қарай жарықтандырылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – «Көктөбе» телемұнарасын осы жылдың мамыр-маусым айларында сәулеттік жарықтандырумен жабдықтау жоспарда. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында хабарлады.

«2023 жылдың қараша айында қала символының бірі – «Көктөбе» телемұнарасының сәулеттік-көркемдік жарықтандыруын жобалау бойынша дайындық жұмыстары басталды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын биыл мамыр-маусым айларында аяқтау жоспарланып отыр», - деді Ерболат Досаев.
Бұған дейін аудан әкімі Еркебұлан Оразалин телемұнара 2024 жылы жарықтандырылатынын айтқан еді.
Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, телемұнараны жарықпен жабдықтау жобасы 1,2 млрд теңгеге бағаланып отыр.