Алматыда Көкжайлауға дейін жол салу үшін тағы жер телімдері алынады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда мемлекет қажетіне алынатын жер телімдері белгілі болды.
Алматы әкімдігінің 2026 жылғы 5 қазандағы № 4/636-1615 қаулысына сәйкес, Көкжайлаудағы тау шаңғысы кешеніне апаратын жол құрылысы үшін Бостандық ауданында орналасқан 3 жер телімдері мемлекет мұқтажына сатып алынады. Учаскелерді мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген.
Аталған учаскелер:
- Туякбаева Гульмира Садыковна. «Көкшоқы» шағынауданы, Асусай көшесі, 9. Жалпы — 0,1300, иеліктен шығарылатын ауданы-0,0113
- Жумабаев Орумбай Елемесович. «Көкшоқы» шағынауданы, Асусай көшесі, 11. Жалпы — 0,1366, иеліктен шығарылатын ауданы — 0,0116.
- Кубанова Любовь Аскеровна. «Көкшоқы» шағынауданы, Асусай көшесі, 7. Жалпы — 0,1907, иеліктен шығарылатын ауданы — 0,0072.
Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелеріне жер учаскесінің өтемақысын төлеуді қамтамасыз етеді. Жер телімдері сатып алған соң, Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының теңгеріміне өтеді.
Еске салайық, биыл шілде айында Көкжайлауда Almaty SuperSki курортының құрылысы басталды.
Бұған дейін Көкжайлаудағы құрылысқа байланысты шатқалға адамдардың шығуға қаншалықты тыйым салынуы мүмкін екенін жазғанбыз.