08:47, 02 Мамыр 2025 | GMT +5
Алматыда көлік аударылып, 1 адам мерт болды
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Жол-көлік оқиғасы Алатау ауданында болған.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, 1 мамыр 20:58-де Mercedes көлігін басқарған жүргізуші Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, тізгінге ие бола алмай, бағанаға соғылып, кейін аударылып қалған.
- Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің жолаушысы - 1998 жылғы ер азамат көз жұмды. Қазір адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлайды Полиция департаментінен.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде көлік ұрлап, полициядан қашқан күдікті жол апатына түскенін жазғанбыз.