15:01, 17 Сәуір 2025 | GMT +5
Алматыда көлікке оқ атқандар ұсталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Тәртіп сақшылары күдіктілерді ұстап, қаруды тәркілеген.

Түнгі уақытта көлікке оқ атқан ер адамның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда оқиға «Өжет» шағын ауданында болғаны айтылған.
Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі ер адамды ұстап, қаруларын тәркілеген.
— Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде қару кезеніп фотоға түскен жасөспірімдер есепке алынғанын жазғанбыз.