12:02, 20 Маусым 2025 | GMT +5
Алматыда көлікпен соқтығысқан автобус ғимаратқа кіріп кетті
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда қоғамдық көлік жол апатына ұшырады.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты сағат 6:15–те Әуезов ауданында болған. Автобус жүргізушісі Жандосов көшесімен келе жатып, Яссауи көшесіне бұрылғанда көлікке ие бола алмай қалған. Нәтижесінде автобус Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысып, қозғалысын тоқтатпастан жақын маңдағы ғимаратқа кіріп кеткен.
— Жол-көлік оқиғасы кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайын Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр, — деп хабарлады полициядан.
Еске салайық, бұған дейін елордада жеңіл автокөлік жолаушылар автобусына соқтығысқанын жазғанбыз.