17:22, 13 Наурыз 2024 | GMT +5
Алматыда көліктің үстіне ағаш құлады
АЛМАТЫ. KAZONFORM – Алматының Әуезов ауданында алып ағаш көліктің үстіне құлады.

Оның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
Әуезов ауданы әкімдігінің хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығынан 9-шы ықшам ауданында орналасқан №52 үй ауласында көлікке диаметрі 90 сантиметр болатын үйеңкі ағашы құлаған.
«Аудандық экология бөлімі сол жерге барды, сонымен қатар Алматы қаласының құтқару қызметі тұрғындардың өтінішін тіркеді. Қазір қалалық құтқару қызметі ағашты кесіп жатыр. Түстен кейін ағашты алып тастайды», - деп атап өтті аудан әкімдігінен.