Алматыда колонияның экс-басшысы ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Оған қатысты құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Алматыда колонияның экс-басшысы ұсталды
Фото: Polisia.kz

Әлеуметтік желіде Алматыдағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ұсталды деген ақпарат пайда болды

Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнен мәлім еткендей, бұл адам ұсталған кезде ішкі істер органдарының қызметкері болмаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

— Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті кез келген заң бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік саясатын ұстанады және тергеуді жүргізетін органдарға жан-жақты көмек көрсетеді, — деп түсіндірді ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қонаев қаласының соты № 57 ҚАЖД мекемесінің бұрынғы бастығы П.Писарев және № 12 ҚАЖД мекемесінің жедел бөлімінің бастығы Е. Бөлекбайға пара алу ісі бойынша үкім шығарған болатын

Соңғы жаңалықтар