Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, 48 адам эвакуацияланды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды.
«Өрт сөндірушілер тұрғын үйдің 48 тұрғынын эвакуациялады, оның ішінде сегіз бала, одан бөлек үш мысық пен бір ит бар. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр»,- делінген хабарламада.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртенген пәтерде жиһаздар жанған.
Құтқарушылар тұрғындарды күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.
Осыған дейін «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында қамыс өртеніп жатқаны туралы жазған едік.