11:08, 13 Наурыз 2024 | GMT +5
Алматыда көрісу күніне арналған мерекелік концерт өтеді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Наурыз мейрамын тойлау 14 наурыз – Көрісу күнін атап өтуден басталады.

14 наурызда Көктөбеде қала тұрғындары мен қонақтары үшін сағат 10:00-де ашық аспан астында «Көктөбедегі Амал күні» атты мерекелік концерт өтеді.
Оған «Жігіттер» тобы, «Алатау серілері» тобы, Мөлдір Әуелбекова, Айгүл Қосанова және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртістері қатысады.
Бұл күні мегаполис тұрғындары мен қонақтары Көктөбеге жиналып, қыстан аман-есен шыққанын айтып, бір-бірімен табысып, кеуде қағысып, қол алысып, көктемнің басталуын атап өтеді.