Алматыда көші-қон жөніндегі ХҚО-ның мекенжайы өзгерді

Алматыда көші-қон жөніндегі ХҚО-ның мекенжайы уақытша өзгерді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Новая услуга появилась в мобильном приложении «ЦОН»
Фото: НАО «Правительство для граждан».

«2 қарашадан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының көші-қон бөлімі уақытша Жетісу ауданы, "Құлагер" шағынауданы, Серіков көшесі, 6а мекенжайы бойынша азаматтарды қабылдайтын болады. Бұған дейін көші-қон қызметтері Түрксіб ауданы, "Қайрат" шағынауданы, 181 ("Семиречье-Жетісу» сауда орталығында) мекенжайында көрсетілген болатын», - деп хабарлады Алматы қаласы филиалының баспасөз қызметі.

Филиалда сондай-ақ алдағы уақытта азаматтарды бұрынғы мекенжай бойынша қайта қабылдау туралы қосымша хабарланатынын жеткізді.

Жаңа мекендегі көші-қон жөніндегі ХҚО дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.