Алматыда көше шамдарының қорғаныс шынысын бүлдіру көбейген

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда көше шамдарының қорғаныс шынысын бүлдіру және бағана түбіндегі металл қақпақтарды ұрлау дерегі көбейді. Бұл туралы «Алматы қала жарық» кәсіпорны мәлім етті.

көшені жарықтандыру
Фото: «Алматы қала жарық» кәсіпорны

Компания басшысының орынбасары Вадим Макаровтың айтуынша, қалада сыртқы жарықтандыру тіректеріндегі шамдарды рұқсатсыз бөлшектеу жағдайы күрт өсті.

«Олар шам бағанасының түбіндегі металл қақпақтар. Бұл жерде шамның сымдары магистральды кабельге қосылады. Бұл сыртқы жарықтандыру желілеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу, кабельді ауыстыру және басқа жұмыстар үшін қажет. Жақында біз біреудің металл қақпақтарды шешіп, ұрлап жатқанын байқадық. Күзден бастап біз оның екі мыңын ауыстырдық», - дейді Вадим Макаров.

көшені жарықтандыру
Фото: «Алматы қала жарық» кәсіпорны

Сонымен қатар, «Алматы қала жарық» компаниясының дерегінше, бұзақылар сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтарын жиі бүлдіреді.

Бұл нысандар жоғары кернеуде және оларға бөгде адамдарға кіруге қатаң тыйым салынады.

«Вандалдар тротуар шамдарын да қиратады. Мұндай жерлерде ашық сымдар қауіпті болады»,- деп атап өтті компания өкілдері.

Соңғы жаңалықтар