Алматыда көшеде бұрынғы әйелін ұрып-соққан ер адам 25 тәулікке қамалды

түрме
Фото: Pexels

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Бұрынғы әйелін көшеде ұрып-соққан Александр Ким қамауға алынды. Бұл туралы қалалық полициядан мәлім етті.

«Бұрынғы әйеліне дене жарақатын салған ер адам ұсталды. Қол жұмсағаны және бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін ол сот шешімімен 25 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, оған айыппұл салынды» деп хабарлады ведомстводан.

Құқық бұзушы қамауға алынды.

Бұған дейін Алматы көшелерінің бірінде Салтанат есімді келіншекті бұрынғы күйеуі соққыға жыққанын жазған едік.  

Кейін Александр Ким қазақстандықтардан кешірім сұрады.  

Соңғы жаңалықтар