Алматыда көшелерді ұзарту үшін жер учаскелері сатып алынады

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – 2025 жылы Алматы әкімдігі бірнеше көшені ұзарту үшін жер телімдерін сатып алуды аяқтайды.

үй
Фото: ҚР Үкіметі

Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев ауданда жол-көлік инфрақұрылымын дамыту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру жөніндегі жұмыстарға тоқталды.

Айтуынша, биыл ауданның 110 көшесіндегі 50 мың шаршы метр жол ағымдағы жөндеумен қамтылған. Қараша айының соңына дейін 150 көшеде тағы 20 мың шаршы метр жолды жөндеу жоспарда.

«Қазір 8 көшеде 5 км жолға орташа жөндеу жүргізілді, қараша айының соңына дейін ұзындығы 13 км болатын тағы 22 көше орташа жөндеумен қамтылады, қазан айының соңында Ақжар шағын ауданындағы 6 көше бойынша 2 км жол құрылысын аяқтау көзделген», - деді Ерболат Досаев.

Қала басшысының сөзінші, ауданда магистральдық көшелерді ұзарту жұмыстары жалғасып жатыр. Қараша айының соңына дейін Абай даңғылын Строительная көшесінен қала шекарасына дейін ұзартуды аяқталады. Төле би көшесін ұзарту үшін қажетті 270 жер учаскенің, 170 телімі сатып алынды, қалған учаскелерді сатып алуды жыл соңына дейін аяқтау жоспарда. Жұбанов көшесін ұзарту үшін 346 жер учаскесі алынатын болады. 148 нысан бойынша қаулылар қабылданды, учаскелерді сатып алу 2025 жылдың соңына дейін жалғасады. 

Сондай-ақ жыл басынан бері 150 автобус жаңартылды. Тұрғындардың жайлылығы үшін 12 жаңа аялдама павильоны орнатылды, ал жыл соңына дейін бұрын болмаған тағы 5 аялдама орнатылады.

Соңғы жаңалықтар