Алматыда қойма өртенді

АСТАНА. KAZINFORM – Алматыда қоймадағы өрт сөндірілді.

Взрыв газовоза и пожар: два человека пострадали в Семее
Фото: МЧС РК

Алматы қаласының Алмалы ауданында, Жамбыл көшесінде екі ярусқа орналастырылған 40 контейнерден жабдықталған қоймада өрт шықты. Өрт екі қабатты әкімшілік ғимаратқа ішінара таралған.

Қойманың ішінде тауарлық-материалдық құндылықтардың көп болуы, жоғарғы температура және ішке кірудің қиындығы өрт сөндіру жұмыстарын күрделендірді.

Өрт 280 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.