Алматыда қоймадан шыққан өрт оқшауланды — ТЖД

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қоймадан шыққан өрт қабылданған шаралардың арқасынла оқшауланды.

Өрт сөндіруші
Фото: Алматы ТЖД

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, алдын ала болжам бойынша өрт 3000 шаршы метр алаңда оқшауланды.

– Өрт сөндірушілер жақын орналасқан 3 қабатты әкімшілік ғимарат пен тауар-материалдық құндылықтары бар қойманы өрттен қорғап қалды,–делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда қойма өртенгені хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар