Алматыда құрылыс нысандарына бару тәртібі өзгереді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы мәслихаты құрылыс объектілеріне бару тәртібіне қатысты жоба әзірледі.

— 2024 жылдың 1 шілдесінде 1998 жылғы 1 шілдедегі ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, атап айтқанда құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылысжайлардың тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызуға және реконструкциялауға қойылатын талаптарға сәйкестігін инспекциялау үшін құрылыс объектілеріне бару тәртібін белгілеуге құқылы туралы толықтырылды, — делінген құжатта.
Осыған байланысты, Алматы мәслихаты «Құрылыс-монтаждау жұмыстарының тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызуға және реконструкциялауға қойылатын талаптарға сәйкестігін инспекциялау үшін құрылыс объектілеріне бару тәртібін белгілеу туралы» жоба әзірледі.
Құжат 11 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылды.
Бұған дейін бір жылға жуық уақыт бұрын Мәжіліске кіргізілген Құрылыс кодексінің жобасы қоғамда әлі де қызу талқыланып жатқаны туралы жазған едік.
Сондай-ақ келесі жылдан бастап Алматыда тұрғын үйді басқару тарифі өзгеретіні туралы жазған болатынбыз.