Алматыда Құрманғазы көшесі екі айға жабылады

Алматы дорога улицы жол көшелер
Фото: Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Құрманғазы көшесіндегі көлік қозғалысы екі айға шектеледі.

«Алматы жылу желілері» мекемесінен мәлім еткендей, 17 маусым мен 17 тамыз аралығында Медеу ауданындағы Құрманғазы көшесі бойымен Пушкин көшесінен Достық даңғылына дейін және Достық даңғылынан Зенков көшесіне дейін автокөлік қозғалысы жабылады.

Достық даңғылынан Зенков көшесіне дейінгі қозғалыс екі жаққа да шектеледі. 

көше
Фото: Алматы әкімдігі

«1986 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан аталған көшенің жүріс бөлігінің астынан өтетін жалпы ұзындығы 305 метр құбырды қайта жаңарту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Соңғы 5 жылда бұл учаскеде 10-ға жуық ақау жойылды», — деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.

Бұл құбыр учаскесі жылумен және ыстық сумен 5 көппәтерлі тұрғын үйді және 4 өзге де объектілерді қамтамасыз етеді.

Аталған тұтынушыларға реконструкция жүргізу кезеңінде ыстық су берілетін болады.

Соңғы жаңалықтар
telegram