Алматыда липосакция жасатқан әйел қайтыс болды

Ота жасау
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда артық салмақтан арылу үшін липосакция жасатқан әйел көз жұмды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратқа сәйкес, липосакция жасатқан әйел жекеменшік клиникада қайтыс болған.

Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы іс қозғады. Адам өлімінің себеп-салдарын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Содан кейін процессуалдық шешім қабылданады», - деді Салтанат Әзірбек.

Еске салайық 2018 және 2020 жылдары Алматыда артық майдан арылғысы келген екі әйел ажал құшқан еді.

Соңғы жаңалықтар