Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді
13-15 желтоқсан аралығында Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Kazіnform.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, 14 желтоқсан күні қатысушылар қысқа бағдарламаны орындаса, 15 желтоқсанда еркін бағдарлама жоспарланған.
Жалпы ел біріншілігіне қатысуға 74 спортшы өтінім берген.
Олардың арасында еліміздің үздіктері Михаил Шайдоров пен Рахат Бралин және Диас Жиренбаевтар бар.
Қыздар арасында Анна Левковец, Софья Фарафоновалар сынға түседі.