Алматыда марафонға байланысты көшелер жабылады

12 қарашада City Run 2023 марафонына байланысты Алматының бірқатар көшесінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Kazinform.

жол жабылды
Фото: Pixabay

Ұйымдастырушылар мәлім еткендей, қалалық жарыс Төле би көшесіндегі «Астана» алаңынан бастау алады.

Төле би көшесінің бойы Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейін таңғы сағат 04:00-ден түскі 11:00-ге дейін жабылады.

Балама жол: шығыс бағытында – Гоголь көшесі, батыс бағытында – Абай даңғылы.

Наурызбай батыр көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы сағат 07:45-тен 09:40-қа дейін жабылады.

Балама жол: шығыс бағытында – Гоголь көшесі, батыс бағытында – Абай даңғылы.

Наурызбай батыр көшесінде Төле би көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы сағат 08:00-ден 09:30-ға дейін шектеледі.

Балама жол: Сейфуллин даңғылы.

Шевченко көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Панфилов көшесіне дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы сағат 08:05-тен 09:20-ға дейін жабылады.

Балама жол: Абай даңғылы.

Панфилов көшесінде Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі аралық 08:15-тен 09:45-ке дейін жабылады.

Балама жол: Назарбаев даңғылы.

Бөгенбай батыр көшесінде Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы 08:15-тен 09:45-ке дейін жабылады.

Балама жол:шығыс бағытында – Гоголь көшесі, батыс бағытында – Абай даңғылы.

Абылай хан даңғылында Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы 08:15-тен 09:45-ке дейін шектеледі.

Балама жол: Назарбаев пен Сейфуллин даңғылы.

«City Run – қаланың дәл орталығында өтетін маусымның соңғы жарысы. Жарыс әуесқойларына екі жүгіру қашықтығы ұсынылған — 10 км және 5 км скандинавиялық жүріс. Оған 2200 қатысушы шығады» деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Израиль делдалдардың бітімгерлік күш-жігері аясында Газа секторына соққы жасады
Ұқсас жаңалықтар

Израиль Газа секторындағы бақылауын кеңейтіп жатыр