Алматыда мәйіттерді қорлаған күзетшіге қатысты сот үкімі шықты

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда мәйіттерді қорлады деп айыпталған мәйітхана күзетшісі Александр Беляевке қатысты сот үкімі шықты.

Алматыда мәйіттерді қорлаған күзетшіге қатысты сот үкімі шықты
Фото: freepik.com

Жабық сот отырысында мәйіттерді қорлады деген айыппен Б.-ға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға қатысты іс қаралды.

– Сот сараптамалық қорытындыларға сүйене отырып, Б.-ның өз іс-әрекетін жасау кезінде есі дұрыс емес жағдайда болды және созылмалы психикалық ауруға шалдыққан деген қорытындыға келді, – делінген хабарламада.

Сот қаулысымен сотталушы есі дұрыс емес деп танылып, психиатриялық стационарға мәжбүрлеп емдеуге жіберілді.

Еске салайық, былтыр Алматыда мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінген еді. 

Кейін ҚР Әділет министрлігі Алматы қаласындағы мәйітханалардың бірінде болған некрофилия жағдайына қатысты түсінік беріп, күдікті әділет органдарында жұмыс істемейтінін мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар