Алматыда «Медеу-Шымбұлақ» жолымен өту режимінің кестесі өзгерді

Тау-шаңғы курортының аумағында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің өтінішімен «Медеу-Шымбұлақ» жолында өткізу режимінің кестесі өзгертілді, деп хабарлайды Kazinform. 

Алматыда «Медеу-Шымбұлақ» жолымен өту режимінің кестесі өзгерді
Фото: Александр Павский/Kazinform

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 16 желтоқсаннан бастап 09:00-ге дейін, 12.00-ден 14.30-ға дейін және 18.00-ден кейін электромобильдер, таксилер және техникалық қызметтердің арнайы көліктерінің жүргізушілері үшін кіруге рұқсат етіледі. Бұл күні жаяу жүруге қатаң тыйым салынады, тек студенттік соқпақпен өтуге рұқсат етіледі.

«Жексенбі және мереке күндері барлығы кіре алады, жаяу жүргіншілер мен автокөлік жүргізушілердің өміріне қауіп төнбейді», - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, «Мохнатка» және «Горельник» тауларының баурайында тастардың құлауына байланысты Медеу-Шымбұлақ жолы жабылған болатын.

Осы жылдың 25 қазанынан бастап бүгінге дейін бұрғылау қондырғыларын қолдана отырып, кедергілерді тазарту және беткейлерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жол бойында нөсер кәрізі салынады. Кешенді жұмыстар қыс бойы жалғасады және 2024 жылдың күзінде аяқталады.

Сондай-ақ құлаған тастардың салдарын жоюға байланысты Медеу-Шымбұлақ автожолымен өту режимі белгіленген болатын. 

Соңғы жаңалықтар