Алматыда мектеп бухгалтері 46 млн теңгені өз шотына аударып алған

бюджет
Фото: Kazinform

Алматы прокурорлары мектептердің бірінде 46 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатының ұрланғанына анықтады, деп хабарлайды Kazinform.

Мектептің бас бухгалтері бір жыл бойы штаттық кестеде қарастырылған жалақыдан асатын жалақыны өзінің жеке шотына заңсыз аударып келген.

Аталған факті бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.

Тергеу барысында мектеп бухгалтері өз кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша материалдық-жауапты лауазым атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар