Алматыда мереке күндері ХҚО-лар қалай жұмыс істейді

хқо
Фото: gov4c.kz

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚО-лар 16 желтоқсанда жұмыс істемейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

«18 желтоқсан сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін азаматтарды тек кезекші ХҚО-лар ғана қабылдайды. 19 желтоқсаннан бастап мемлекеттік корпорация әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейтін болады» делінген хабарландыруда. 

Естеріңізге сала кетейік, орталықтар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-18:00 аралығында қабылдайды.

Кезекші ХҚО-лар дүйсенбі мен жұма аралығында 9:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күндері сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар