Алматыда метро неге тоқтап қалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы метросы техникалық ақауға байланысты уақытша тоқтатылды.

метро
Фото: Pexels

Алматы метрополитені баспасөз қызметінің мәліметінше, техникалық себептерге байланысты Райымбек станциясынан Момышұлы стансасына қарай бет алған жолаушылар Мәскеу бекетінде түсірілді.

«Мамандар барлық ақауды жойды. Алматы метросының жұмысы сағат 18:05–те қайта жанданды. Пойыздар кесте бойынша жүреді. Келтірілген қолайсыздықтар үшін тағы да кешірім сұраймыз», — деп атап өтті метрополитенен.

 

Соңғы жаңалықтар