Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда міндетін дұрыс атқармаған 11 мың ата-ана жауапқа тартылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Биыл 7 ай ішінде жасөспірімдер жасаған қылмыс пен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың саны едәуір азайған. Бұл туралы Алматы полициясы Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев айттты. 

Алматыда міндетін дұрыс атқармаған 11 мың ата-ана жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Оның айтуынша, жасөспірімдер қылмысы 7%-ға, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар 4%-ға төмендеген. Сонымен қатар түнгі уақытта балалары үйден жырақта, қараусыз жүргені үшін 11 мыңға жуық ата-ана жауапкершілікке тартылды.

— Кәмелетке толмағандар арасында ауыр қылмыстың алдын алуға көп көңіл бөлінеді. Қылмысты уақытылы ауыздықтау керек, — деді Тимур Ноғайбаев.

Ал отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыс саны 16 пайызға төмендеген. Осы жылдың 7 айында полиция 4 мыңнан астам қорғау нұсқамасын шығарған. 808 адамға қатысты сот қайталама зорлық-зомбылыққа жол бермеуге бағытталған арнаулы шектеу белгіленген. Сонымен қатар 37 құқық бұзушы психологиялық түзету бағдарламаларынан өтуге жолданды.

Еске салайық, Алматыда жыл басынан бері алкогольдік масаң күйде 224 қылмыс жасалды.