Алматыда мотоцикл қағып кеткен әйелдің жағдайы ауыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматылық дәрігерлер мотоцикл қағып кеткен жұмысшы әйелдің жағдайы туралы айтты.

Жамбыл облысында ішек инфекциясынан 10 бүлдіршін ауруханаға түсті
Фото: Pixabay.com

— Пациент №7 қалалық клиникалық ауруханаға көптеген жарақатпен ауыр халде түсті. Қазір реанимация бөлімшесінде барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр. Жағдайы өте ауыр,— деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске салайық, түнде мотоцикл жүргізушісі Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатып, алдымен жеңіл көлікке соқтығысқан. Кейін қозғалысы тоқтамаған күйде жол жұмыстарын жүргізіп жатқан 3 жұмысшыны ( екі ер, бір әйел адам) қағып кеткен.

Өкінішке қарай, екі ер адам оқиға орнында көз жұмды

Соңғы жаңалықтар