Алматыда мүгедектігі бар адамдарға арналған JOBCOACH жобасы басталады

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда мүгедектігі бар адамдарды қолдау мақсатында 15 млрд теңге бөлінді.

Инвалидность Мүгедектік
Фото: Адлет Беремкулов/ Kazinform

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов мегаполисте биыл жаңа басталатынын айтты.

- 2025 жылдан бастап Алматыда жұмыс орнында мүгедектігі бар адамдарды алып жүру және бейімдеу үшін «JOBCOACH» жобасы басталды. Биыл 300 адамды қамту жоспарланған. Айтылған жоба 2030 жылға дейін іске асырылады, - деді ол.

Оның айтуынша, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен 15 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. 41 мыңнан астам адам қажетті техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етілген.

- Мүгедектігі бар адамдарға және жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар балаларға қосымша «Инватакси» қызметтері ұсынылады, ол мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 100 автокөлікпен жүзеге асырылады, - деп атап өтті басқарма басшысы.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 1656 автобус жүргізушісінің құқығы қорғалғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар