Алматыдағы мұз айдынына келушілер Элизабет Тұрсынбаеваның шеберлігіне тәнті болды

Элизабет Тұрсынбаева
Фото: видеодан кадр

АСТАНА. KAZINFORM - Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Instagram желісіне Алматыдағы Медеу мұз айдынында түсірілген Reels-ті жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

«Кейде мен жап-жақсы коньки тебе алатынымды ұмытып кетемін», - деп жазды спортшы видео астына.

Элизабет - ересектер арасындағы ресми жарыстарда төрт қарғып секіруді (сальхов) орындаған тарихтағы алғашқы мәнерлеп сырғанаушы.

Ол 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 жылғы төрт құрлық чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 жылғы қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері, жасөспірімдер арасындағы 2-ші қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2016), Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, 2017 жылғы қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері.

Соңғы жаңалықтар