Алматыда «Музей түні» қалай өтті

Музей түні
Фото: Александр Павский / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 18 мамыр – Халықаралық музей күні. Атаулы күнге орай, Алматыдағы барлық мұражай музей түні науқанын өткізді. Солардың біріне Кazinform агенттігінің фототілшісі барып, мерекелік шараны суретке түсіріп қайтты.

Алматы музейлері қала тұрғындары мен қонақтарына қолөнершілер жәрмеңкесін, шеберлік сыныптарын, көрмелер, экскурсиялар, дәрістер, музыкалық қойылымдар дайындады, бұл түні мұражайларға кіру тегін болды.

Кazinform агенттігінің фототілшісі Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде болды. Мұнда көрермендер үшін көрмелер, концерттер, экскурсиялар, шеберлік сабақтары және интерактивті шаралармен мазмұнды бағдарлама ұсынылды.

Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform

«Музей түні» жобасының мақсаты – музей кеңістігінде мәдени мұраны насихаттау және кең аудиторияны тарту», - деп хабарлады Мемлекеттік музейдің баспасөз қызметі.

2024 жылдың маңызды оқиғасы Ә. Қастеев атындағы музей қорынан «Жапон өнері» көрмесі мен каталогының басылып шығуы болды. Осыған байланысты биылғы жоба Жапон ұлтының өнері мен мәдениетін зерттеуге арналды.

Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform

«XVII-XXI ғасырдағы «Жапон өнері» көрмесі ұйымдастырылды. Экспозицияда 250-ге жуық экспанаттар – графика, металл, ағаш, керамика, мата, сүйек, шыныдан өңделіп жасалған туындылар мен бұйымдар бар. Сонымен қатар, көрме аясында Досым Сәтбаевтың жеке жинағынан жапондық артефактілермен танысуға мүмкіндік туды. Сондай-ақ, «Жапон өнері» көрмесі бойынша танымдық интерактивті квест ойындар мен қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде экскурсия жүргізілді.

алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform

Көрермендер назарына қосымша заманауи автор Каору Моридің «Қалыңдықтың тарихы» (2008) сериясымен жапондық Манга экспозициясы ұсынылды. 

Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform

Мұражайға келген алматылықтар концерттік бағдарламаны тамашалай алды, онда Қазақстанның эстрада жұлдыздары, музыкалық және шығармашылық ұжымдар, ансамбльдер өнер көрсетті.

Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform

«Музей түні» акциясы Алматының басқа музейлерінде де өтті, онда әрбір келушіге экскурсовод-гидтер өзінің мәдени-танымдық бағдарламасын ұсынды.

Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform

«Музей түні» алғаш рет 1997 жылы Берлинде өтті. Халықаралық музейлер күніне орайластырылған акцияның мақсаты – мәдени мұра мен өнерді насихаттау.

Қазақстанда бұл акция 2006 жылдан бастап ұйымдастырып келеді.

Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform
Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform
Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform
Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform
Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform
Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform
Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform
Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform
Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар