Алматыда нашақорларды әлеуметтік оңалтудың жаңа бағдарламасы енгізілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда есірткіге тәуелділіктен оңалтудан өтіп жатқан адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу бағдарламасы іске қосылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында психикалық сауықтыру орталығының наркологиялық қызмет жөніндегі директорының орынбасары Роза Татиева айтты.

Қолөнер бұйымдары
Фото: Досбол Атажан/Kazinform

Спикердің сөзінше, бейімдеу бағдарламасы емдеуден кейінгі өмірді қалпына келтіруге, рецидивті болдырмау және қоғамға қайта қосылуға көмектеседі.

– Көп жағдайда олар қиындықтармен бетпе-бет қалып, әрі қарай қалай әрекет ету керектігін білмейді. Адамды тәуелділіктен арылту ғана емес, оған кейінгі өмірге құрал беру де маңызды. Қолөнер – бұл жай ғана жұмыс емес, бұл тірек және нұсқаулық, аяққа тұру мүмкіндігі, – дейді маман.

Жаңа бағдарлама аясында қатысушылар тәжірибелі шеберлер мен психологтардың жетекшілігімен қолөнер мамандықтарын игере алады.

– Біз қолөнер сабақтары пациенттерге өмірдің жаңа мағынасын табуға көмектескен сәтті мысалдарды көрдік. Енді осы тәжірибені жүйелі түрде енгізіп, мүмкіндігінше көп адамға қолдау көрсетуді мақсат етудеміз, – деп атап өтті «Наркостоп» жобасының қоғаммен байланыс жөніндегі волонтері Жанна Нурсеитова.

Алматы қаласының Психикалық денсаулық орталығының мәліметіне сәйкес, жыл сайын реабилитациядан 500-ден 800-ге дейін пациент өтеді.

Осыған дейін Алматыда есірткіге тәуелділердің 44 пайызы оны қызығушылықтан қолданғаны туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар