Алматыда Наурызға арналған мерекелік шаралар туралы ақпаратты қайдан табуға болады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Биыл Наурыз мейрамы жаңаша атап өтілуде. Алматыда 500-ден астам түрлі іс-шара ұйымдастырылады.
«Іс-шаралар жоспары Алматы әкімдігінің ресми сайтында және телеграм-арнасында қолжетімді. Сонымен қатар оның тізімін Яндексті Іздеуден көруге болады: мерекелік суретті басу жеткілікті, сонда «Іс-шаралар тізімі» батырмасы пайда болады. Іс-шаралардың сипаттамасы мереке туралы мәселелер бойынша орыс немесе қазақ тілінде де көрсетіледі: мысалы, Наурызға жоспар немесе Наурыз қала жоспары», - деп хабаралады қалалық әкімдіктен.
Басты шараның бірі – «Көш. Наурыз-думан» 21 наурызда өтеді және Абай даңғылымен Достық даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін батыс бағытта өтеді, содан кейін Абылай хан даңғылымен солтүстік бағытта Астана алаңына түседі, онда мәре жоспарланған.
Ат және костюм шеруіне 500-ге жуық адам қатысады. Эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттер 21 және 22 наурызда Астана алаңында және Республика сарайының алдындағы алаңда, сондай-ақ қала аудандарының барлық негізгі алаңында ұйымдастырылады.
Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін Яндекс карталарында мерекелік іс-шараларды өткізуге байланысты жолдардың уақытша жабылуы, айналып өтудің өзекті бағыттары көрсетіледі.