Алматыда нөсер жаңбыр жауып тұр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда жаңбыр құйып тұр. Синоптиктердің болжауынша, нөсер үш күн тоқтаусыз жауады.

Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, жауын-шашын кезінде мотопомпа, шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригада кезекшілікке шығады. 

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Сондай-ақ 2500 қап құм дайындалады.

Күндіз жауын-шашын кезінде барлығы 465 бірлік арнайы техника, 28 мотопомпа және 810 жұмысшы, ал түнгі уақытта 236 бірлік арнайы техника және 215 жұмысшы жұмылдырылады.

Судың кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз етіп, су басудың алдын алу үшін 320 жұмысшы мен 92 бірлік арнайы техника арық желілерін, арық өткелдерін тазалау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізеді. Күн сайын арықтан 250 текше метр лай және қоқыс шығарылады.

Құтқарушылар күн райының бұзылуына байланысты жүргізушілерге көліктерін ағаштың түбі мен жол жиектеріне қоймауға шақырды.