Алматыда облысында кортеж ұйымдастырып, жол ережесін бұзғандар 10 тәулікке қамалды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер ұсталды.
Қарасай ауданында бір топ азамат жол ережелерін елемей кортеж ұйымдастырған. Олар өз әрекетін бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Бұл жағдайға облыстық полиция департаменті назар аударған.
Тәртіп сақшылары үш құқық бұзушы Әкімшілік кодекстің бірнеше бабы бойынша жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.
Атап айтқанда, Қарасай ауданының тұрғындары — Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі Айдос Ногай, ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі Ринат Оналбеков және Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі Дамир Ихан сот шешімімен 10 тәулікке қамалған.
— Полиция мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін ескертеді. Заң мен тәртіп қағидасы толығымен қамтамасыз етіледі, — деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін Қызылордада жол ережесін өрескел бұзған той кортежі сапындағы 10 көлік айып тұрағына қойылды.