Алматыда өндірілетін басты өнім қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының индустриалды аймағында жұмыс істейтін кәсіпорындар 2023 жылы 801,3 млрд теңгенің өнімін өндірген. Оның ішінде өндіріс қуаттылығы бойынша машина жасау саласы алда тұр. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.

машина жасау
Фото: ortcom.kz

- 2024 жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша Алматы қаласында ірі салалардың бірі - машина жасау, атап айтқанда, автомобиль өндірісі саласы. Тек 2023 жылдың ішінде 48 857 көлік құралы шығарылды, - деп хабарлады басқармадан.

Сондай-ақ, Кәсіпкерлік басқармасының мәліметіне сәйкес, соңғы 3 жыл ішінде, яғни 2021-2024 жылдары Алматы қаласында 57 кәсіпорын іске қосылған. Оның ішінде 27 кәсіпорын өткен жылы ашылды.

Еске салайық, бұған дейін Алматы кәсіпкерлері жыл басынан бері 2 трлн теңгеге жуық салық төлегенін жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар