Алматыда өртеніп жатқан үйден 2 газ баллоны шығарылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда өртеніп жатқан жеке үйден 2 газ баллоны шығарылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, түнде Түрксіб ауданында орналасқан жеке тұрғын үйден өрт шықты. Отқа оранған үйден 2 газ баллоны сыртқа шығарылды. Осылайша жарылыстың алды алынды.
Өрт 80 шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін Алматы облысында қоймадан өрт шығып, үш адам зардап шеккен болатын.
Сондай-ақ оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.