Алматыда өрттен зардап шеккен азаматтардың жағдайы айтылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Әуезов ауданында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің өртенуі салдарынан 4 азамат ауруханада ем қабылдап жатыр.

аурухана
Фото: Pexels

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, түнде өрт шарпыған көппәтерлі тұрғын үйдің 4 тұрғыны ауруханаға жеткізілген. Науқастардың үшеуі амбулаторлық режимде емделуде. Зардап шеккен тұрғындардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр.

«Өрт салдарынан төрт науқас қала ауруханаларына жеткізілді. Барлық қажетті тексеруден кейін үшеуі амбулаторлық емдеуге жіберілді. Біреуі ауруханаға жатқызылды, ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Науқас қажетті медициналық көмектің толық көлемін алатын болады», – делінген басқарма мәлімдемесінде.

Айта кетейік, Алматыда көппәтерлі тұрғын үйден өрт шығып, 1 әйел қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар