Алматыда Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығы қалай өтеді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар барлық ауданда 7-10 мамыр аралығында өтеді.

Қала әкімдігі мерекелік іс-шаралар бағдарламасын ұсынды:
Алмалы ауданы
8 мамырда сағат 11:00-де Жеңіс аллеясының салтанатты ашылуы, ағаш отырғызу. Өтетін орны – Төле би және Амангелді көшелерінің қиылысы.
9 мамыр күні сағат 12:00-де Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының алаңында Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтеді.

Медеу ауданы
7 мамырда сағат 11:00-де 28 панфиловшы-гвардияшылар саябағында Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды әскери шерудің тікелей көрсетілімі болады.
Сағат 12:00-де Медеу ауданының 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябағында ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Іс-шара аясында 300 оқушы мерекелік шеруге қатысады.
9 мамырда сағат 09:30-да 28 Панфилов саябағында Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылады. Сондай-ақ, осы күні сағат 16:00-де Медеу ауданының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт болады..
Мереке күні 9 мамырда еріктілер «Жеңіс лентасын» таратады.

Бостандық ауданы
8 мамыр сағат 8:30-да Жас Қанат саябағындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған сенбілік. Сағат 11:00-де Нұр-Алатау шағын ауданындағы обелискке гүл шоқтары қойылады.
Әуезов ауданы
8 мамыр күні сағат 09:00-де соғысқа қатысқан бауырластар зиратына гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді (Райымбек даңғылы, 235).
9 мамыр күні сағат 11:00-де Family park аумағында әскери-инженерлік институттың үрмелі оркестрінің қатысуымен «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты мерекелік концерт өтеді.

Алатау ауданы
7 мамырда сағат 10:00-де Алатау ауданы әкімдігінің алдында «Ер есімі - Ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Содан кейін сағат 11:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда Отан қорғаушылар күніне (7 мамыр) және Жеңіс күніне (9 мамыр) арналған концерттік бағдарлама өтеді.
8 мамыр күні сағат 10:00-де Зерделі шағын ауданы 1/78 үй Ардагерлер аллеясының ашылуы.
Түрксіб ауданы
8 мамырда сағат 10:00-де ауданда ескерткіштер мен мемориалдарға гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтеді.
Іс-шараға аудан ардагерлері, ҚР Құрлық әскерлері Әскери институтының өкілдері, мектеп оқушылары, ЖОО және колледж студенттері қатысады.
Сондай-ақ, 8 мамыр күні сағат 10:00-де Жас Қанат шағын ауданында Ардагерлер аллеясы ашылады.
9 мамыр күні сағат 11:00-де Сәкен Сейфуллин атындағы саябақта Жеңіс күніне арналған қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт, эстрадалық-симфониялық оркестрдің қойылымы және дәстүрлі сарбаз ботқасы бар ардагерлерге арналған мерекелік түскі ас өтеді.

Жетісу ауданы
7 мамырда сағат 09:00-де Орталық зираттағы белгісіз сарбаз ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді (Райымбек даңғылы 235).
8 мамыр күні сағат 13:00-де Көкмайса шағын ауданы Ардагерлер аллеясының ашылады.
9 мамыр күні сағат 10:00-де әл-Фараби алаңында (Айнабұлақ шағын ауданы) қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
Наурызбай ауданы
8 мамыр күні сағат 9:00-де Наурызбай ауданының №187 мектебінің (Жандосов көшесі, 2) аумағында Жеңістің 80 жылдығына арналған Ардагерлер аллеясы салтанатты түрде ашылады. Іс-шара аясында соғыс батырларын еске алып, ағаш отырғызылады.
9 мамыр күні сағат 11:00-де Амфитеатрда (Шұғыла шағын ауданы, 347) мерекелік іс-шара өтеді. Концерт бағдарламасында көрме, дала асханасы және сарбаз ботқасы таратылады.
Осыған дейін Астанада өтетін Жеңіс парады туралы жазған едік.