Алматыда өткен түні ірі жол апаты болды

Алматыда өткен түні бірнеше автокөліктің қатысуымен ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Kazinform.

алматы бішкек
Фото: "ҚазАқпарат" ХАА

Өткен түні Алматы орын алған жол апатының видеолары әлеуметтік желіге шықты. 

Видеодағы жазбада жол апаты Тұрғыт Озал көшесі мен Төле би даңғылының қиылысында болғаны жазылған.

«Куәгерлердің айтуынша BMW X5 автокөлігі ірі жол апатын жасады. Қаза тапқандар болған жоқ», - делінеді видеодағы жазбада.
Алматы қалалық полиция департаментінде аталмыш жол-көлік оқиғасы бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы тергеу бастағанын хабарлады.
«Аталмыш жол апаты түнгі уақытта Тұрғыт Озал көшесі мен Төле би даңғылының қиылысында орын алды. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар мен тексеру жұмыстары тағайындалды», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Кибершабуыл: қазақстандықтардың жеке дерегі тарап кетуі неден
Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік сектордағы кибершабуыл: сарапшы қорғану тәсілдерін түсіндірді