Алматыда пәтер сатып алуға болмайтын үйлердің тізімі шықты

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы әкімдігі жылжымайтын мүлік сатып алмас бұрын құрылыс компаниясының құжаттарын мұқият тексеруді ұсынады.

қоршау
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Қала құрылысын бақылау басқармасы Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін жариялады. Бұл тізімде 36 тұрғын үй бар. 

Айта кету керек, тізімге құрылысы әлі басталмаған рұқсат құжаттары жоқ нысандар кірді. Басқарманың ақпаратына сәйкес, осындай ТК бойынша ұсыныстар интернет-ресурстардың мониторингі нәтижесінде анықталады. 

«Алматылықтарға жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын салынып жатқан тұрғын үй кешені құжаттарының бар-жоғын тексеру қажет екенін еске саламыз, мұны Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының WhatsApp +7 705 896 60 00 жедел желісінің нөмірі бойынша жасауға болады»,- делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Тұрғын үй
Фото: Алматы әкімдігі
Тұрғын үй
Фото: Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар