Алматыда пәтерден есірткі жарнамасының QR коды бар 5 мың жапсырма табылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде прокуратураның үйлестіруімен Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімі мен Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері екі ер адамды ұстады.

Есірткі
Фото: Алматы қаласы ПД

Күдіктілердің үйін тінту барысында ақ ұнтақ заты бар 156 байлам табылған.

«Пәтерден есірткі сататын сайтқа арналған QR коды бар 5 мың жарнамалық жапсырма, электронды таразы және қаскөйлер есірткіні бөлшек саудада сату үшін пайдаланған басқа да құрал-жабдықтар анықталды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген ақ түсті ұнтақ заттар - «мефедрон» психотроптық заты. Бостандық аудандық полиция басқармасы есірткі заттарын сату дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Айта кеткен жөн, ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында есірткі өндіретін жасырын зертхананың жолы кесілгенін жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар