Алматыда пневматикалық қару мен пышақтарды желіде сатқандар анықталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында пневматикалық және суық қаруды заңсыз сату дерегі анықталды.

қару
Фото: видеодан салынған скрин

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде заңсыз айналымнан пневматикалық қарулар мен суық қару түрлері тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері аудандық полиция бөлімшелері жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 619 тыйым салынған зат тәркіленген.

- Әлеуметтік желілердегі заңсыз қару саудасы қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді. Мұндай құқық бұзушылықтардың әрқайсысы ауыр қылмыстардың жасалу қаупін арттырады. Алматы полициясы интернет кеңістігін тұрақты бақылауда ұстап, жедел әрекет етеді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да күшейтіледі, — деді қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Еске салайық, бұған дейін заңсыз айналымнан 25 атыс қаруы тәркіленді.