Алматыдағы әскери институтының алғашқы түлектері оқуды тәмамдады

сарбаз
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқу орталығында әскери мамандық беру туралы куәлік алған кіші мамандардың салтанатты түрде оқуды аяқтау рәсімі өтті. 

Қарулы күштер қатарына шақырылған мерзімді қызметтің әскери қызметшілері 5 мамандық бойынша білім алды. Үш ай бойы сарбаздарға жауынгерлік, арнайы және техникалық дайындық сабақтары өткізілді.

– Білім ордасының оқу орталығында одан әрі қызмет өткеру үшін қажетті білім алдым. Командирлерге бастапқы дайындықты үйреткендері және көрсеткен қамқорлықтары үшін алғыс айтамын. Алда өмірімді армиямен байланыстыруды жоспарлап отырмын, - деді курс түлегі Жаппар Өмірсерік.

Оқу аяқталғаннан кейін радиотехникалық әскерлер мамандары, «Игла» жылжымалы зениттік зымыран кешенінің зенит-атқыштары, ЗЗК-75, ЗЗК-300 қолмен сүйемелдеу операторлары және дизелист-электриктер Әуе қорғанысы күштері ӘШҚҚ әскерлерінің құрамалары мен бөлімдеріне жіберілетін болады.

Бұл лекпен күзде әскерге шақырылған 130 сарбаз әскери есептік мамандық бойынша оқығанын айта кетелік. 

Соңғы жаңалықтар