Алматыда Рысқұлов-Күдерин жолайырығы жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Рысқұлов-Күдерин жолайырығының аумағында орташа жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізіледі. 

Алматыда Рысқұлов-Күдерин жолайырығы жабылады
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

28 шілде түнгі сағат 23:00-ден 29 шілде сағат 23:00-ге дейін қозғалыс Күдерин көшесі бойымен Сахалин көшесінен тоннельдің соңына дейін толық жабылады. Сондай-ақ Рысқұлов даңғылынан батыс бағытта съезд, шығыс бағытта Солтүстік айналма көшесіне съезд, оңтүстік бағытта бұрылыста да шектеу енгізіледі.

Бұл аймақты Москвин, Сахалин, Крылов және Бөкейханов көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады. 

Алматы тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Соңғы жаңалықтар