Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда Roland Garros Junior Series халықаралық іріктеу турнирі басталды

АСТАНА. KAZINFORM – Алматыдағы Gorky Tennis Park кешенінің топырақ корттарында Roland Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia халықаралық іріктеу турнирінің ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Теннис федерациясы хабарлады.

в
Фото: ҚТФ

Жарыс Қазақстан теннис федерациясы, Азия теннис федерациясы (ATF) және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, Спорт күніне орайластырылған. Ашылу салтанатында қатысушыларға Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Дархан Нұрханұлы мен Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Ардақ Әбіжанов құттықтау сөз сөйледі.

Турнирге Орталық және Батыс Азия елдерінен 16 ұл мен 16 қыз қатысып жатыр. Жарыс қорытындысы бойынша іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қазан айында Жапонияда өтетін Roland Garros Junior Series финалдық кезеңінде өнер көрсету құқығына ие болады. Сол жерде Roland Garros 2027 жасөспірімдер турнирінің негізгі кезеңіне берілетін жалғыз жолдама сарапқа салынады.

Биыл Париждің аты аңызға айналған топырақ корттарында өнер көрсету мүмкіндігі үшін күресті жалғастыруға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Иордания, Иран, Сауд Арабиясы, Түрікменстан және Сирия өкілдері таласады.

Қазақстан атынан өз алаңымыздағы турнирде Родион Трайгель, Диас Түлепбергенов, Бексұлтан Бауыржанов, Иван Бондаренко, Амина Нұрмахан, Линара Булешева, Алуа Марат және Влада Кузьменко өнер көрсетеді.

Қазақстандық жас паделшілер халықаралық турнирде топ жарғанын жазған едік.